Қарағанды қаласының тұрғындары арасында Covid-19 қарсы екпесі туралы онлайн кездесу өтті

Бүгін а.ж. 11 ақпан күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды қаласының тұрғындары арасында Covid-19 қарсы екпесі туралы онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 50-ге жуық адам қатысты.