Қарағанды қаласының қоғамдық тәртібін сақтаған әскери бөлім сарбаздары үйлеріне қайтады…

09 желтоқсан күні ҚР Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлімінің клубында қызметтік борышын атқарып үйлеріне қайтқалы жатқан 2-2021 жылғы шақырылымына арналған мадақтау кеші өткізілді.

Іс-шараға сарбаздарға игі тілектерін білдіріп, құрмет грамоталарын табыстау үшін Қарағанды қаласы Алихан Бөкейханов ауданының әкімдігі, Қарағанды қаласы полиция басқармасы, бөлім басшылығы мен ардагерлері қатысты.

Жалпы іс-шара барысында ҰҰ Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков пен Қарағанды полиция департаменттерінің бастықтары мен бөлім командирі атынан 200-ден астам әскери қызметшіге құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, ата-аналарының атына «Отанына хат», және 20 әскери қызметшіге бір санатқа көтеру «ефрейтор» әскери шені табысталды.

Айта кетерлік, аталмыш сарбаздар 2021 жылдың қараша айларында Жамбыл, Түркістан, Алматы, СҚО,ШҚО,БҚО Ақмола облыстарынан келген болатын.

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.