Қарағанды қаласының №3 емханасының акушері Айжан Ерғабыл онлайн кездесу өткізді

А.ж. 24 желтоқсанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе туралы қажетті ақпарат алу мақсатында Қарағанды қаласының №3 емханасының акушері Айжан Ерғабыл Covid-19 қарсы Pfizer екпе бойынша онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында неміс-американдық Pfizer вакцинасының сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Pfizer вакцинациясында тірі коронавирус жоқ. Сондықтан вакцинация алған адам Covid-19-мен ауырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және батыс елдерінің ғалымдары пандемияны тоқтатудың жалғыз әдісі-вакцина екенін атап өтті.
Кездесуде коронавирустық инфекция және вакцинация туралы сұрақтар қойылды, онда қатысушылар толық жауап алды. Кездесуге барлығы 90 қатысушы қатысты.