Қарқаралы ауданының әкімі алапат өрт туралы тікелей эфирде айтып берді
Қарқаралы ауданындағы дала өртін жою үшін барлық шаралар қабылдануда. Күш пен қаражат жеткілікті. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов қазіргі жағдай туралы «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде айтып берді.
– Теректі ауылында ТЖ жөніндегі вице-министрдің қатысуымен жедел штаб ашылды. Өртті жою бойынша барлық шаралар қабылдануда. Күш пен қаражат жеткілікті. ЖЖМ толығымен қамтамасыз етілген. Құтқарушыларға тамақ пен су жеткізілуде. Қазіргі уақытта мал шығыны туралы ақпарат жоқ. Алайда біз барлық фермерлермен байланыстамыз. Өрт ауданы – 35 000 га, – деді Әділжан Арғынов.
Ол барлық жұмыс штабтың бақылауында екенін атап өтті. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді, өртті сөндіруді қатты екпінді желдің соғуы қиындатуда.
Қарқаралы ауданының әкімі алапат өрт туралы тікелей эфирде айтып берді (www.gov.kz)