Алматыда KITF 2022 «Туризм және Саяхат» атты халықаралық көрме ашылды


Алматыда «Туризм және Саяхат» KITF 2022 20-шы халықаралық мерейтойлық көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Айдос Сәкенов, бизнес-қоғамдастық өкілдері және т. б. қатысты.
«Көрменің толыққанды көзбе-көз форматта өтіп, барлық карантиндік, визалық және шекаралық шектеулердің жойылуы ерекше қуантады. Бұл көрме туристер мен туристік компаниялардың байланыстырушы буыны», — деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

Вице-министрдің айтуынша, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдетудің арқасында бірқатар көрсеткіштердің, соның ішінде ішкі туризмнің жақсаруы байқалады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық туристер саны 6,9 млн.адамды құрады, бұл 2019 жылдың пандемияға дейінгі кезеңінен асып түсті.

Сонымен қатар, өткен жылы ұлттық саябақтарға келушілер санының өсуінің тарихи көрсеткіші тіркелді. Олардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 300 мың адамға артып, 1,5 млн.адамды құрады.
Бұдан басқа, өткен жылы ЕҚТА-ға, оның ішінде ұлттық парктерге отандық келушілер санының өсуінің тарихи көрсеткіші тіркелді. Олардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 300 мың адамға артып, 1,5 млн.адамды құрады.

«Әсіресе, Алматы кластерінің ұлттық парктеріне, атап айтқанда Іле-Алатау (212 мыңнан 430 мыңға дейін), Көлсай (83 мыңнан 160 мыңға дейін) және Шарын (16 мыңнан 35 мыңға дейін) Ұлттық парктеріне келушілердің еселеп өскенін атап өткім келеді. Бұл ұлттық парктерге тарту бойынша қабылданған зәкірлік инвесторлардың тиімділігінің басты айғағы», — деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

Оның ақпараты бойынша, орналастыру орындарының саны 172 бірлікке артып, олардың бір жолғы сыйымдылығы 9 мыңнан астам бірлікке өсті.
Мемлекеттің едәуір ресурстары елдің туристік дестинацияларының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға салынуда. Тек 2021 жылы 59,8 млрд.теңге сомасына 39 жоба қаржыландырылды, соның есебінен бизнестің инвестициялық белсенділігі артты. Мысалы, 2021 жылы 226 млрд.теңге сомасына 100-ден астам инвестициялық жоба іске қосылды.

Осы жыл туристік ағындарды қалпына келтіру жұмыстарына арналады. Мұның бастауы қазірдің өзінде қаланды. Мәселен, министрліктің бірнеше рет берген өтініші бойынша ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту бойынша әуе қатынасы мен құрлықтағы өткізу пункттерінде барлық шектеулер алынып тасталды, атап айтқанда ПТР – тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы және вакцинация паспорттарын ұсыну бойынша талап сақталады. Сондай-ақ халықаралық әуе қатынасы артты. Осыған байланысты, көрме барысында 18 елдің өкілдері 200-ден астам туристік компаниялардың қатысуы жоспарланған.

Айта кету керек, жыл сайын бұл көрме түрлі туристік бағыттарды ұсынатын 300-ден астам жетекші компаниялар мен мекемелердің басын қосады.

Аталған халықаралық туризм көрмесі саланы және оның жекелеген сегменттерін дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Жыл сайын «Туризм және саяхат» алаңы сенімді өсуді көрсетеді және ішкі және келу туризмін дамытудың құралы болады. Қазақстанның барлық өңірлерінен және таяу шетелден бес мыңнан астам кәсіби топ-менеджерлердің көрмеге келуі осының дәлелі.

Көрмеге Қазақстанның барлық өңірлері қатысады, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасады, халықаралық туристік қоғамдастыққа, сондай-ақ ішкі туризмнің тиімді дамуы көбіне хабардар болуына байланысты жергілікті халыққа бай әлеует ашады.

Қазақстанның туристік әлеуетін қазақ жерінің өзіндік дәстүр-салты, ұлттық туристік өнімнің бір бөлігі саналатын бірегей флора мен фауна құрайды