Алматыда 100 жастағы соғыс ардагері дауыс берді

Ұлы Отан соғысының ардагері Филипп Губанов Жетісу ауданының Құлагер шағын ауданында тұрады. Сайлау комиссиясының мүшелері жүз жастағы қала тұрғынының үйіне арнайы барды. Филипп Петрович өткен жылдың қараша айында 100 жасқа толды. Ардагер Еуропа елдерін азат етуге қатысты. Көптеген ордендермен марапатталған.

Ардагер Қазақстанның болашағы үшін дауыс беретінін атап өтіп, көңіл бөлгендері үшін алғысын білдірді.