Алматы «қызыл» аймақтан шықты
Алматы «қызыл» аймақтан шықты 2021 жылғы 25 қазан 08:22Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шығып, «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.