Қаламызда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Қарағанды қаласының Мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген азаматтарды бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады!
Жәрмеңке жұма, 19 сәуір күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Ғарышкерлер көшесі, 1/29 мекенжайында орналасқан «Таир» сауда үйінде өтеді.
Мансап орталығында атап өткендей, бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Байланыс телефондары: 996-397, 996-493 және 8-775-644-35-80 (WhatsApp).