Қалалық бос жұмыс орындары мен бос лауазымдар жәрмеңкесі өтеді

Құрметті қарағандылықтар!
«Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ сіздерді қалалық бос жұмыс орындары мен бос лауазымдар жәрмеңкесіне шақырады!
Жәрменкенің негізгі мақсаты халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген азаматтардың тікелей байланысын орнату болып табылады.
Оған жұмыс іздеп жүрген адамдар, оның ішінде жоғары және орта оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, алимент бойынша берешегі бар азаматтар) қатыса алады.
Өтетін орны: «Молодежный» Мәдениет үйі, Металлистов көшесі, 24/2
Күні: 15 сәуір, сағат 14:00 ден 17:00 дейін
Байланыс телефоны: 996-397, 996-393
WhatsApp: 8 (775) 644-35-80