Қайырымды істерге ұйытқы болайық!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жоспарына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында Еріктілер кеңесі құрылды.
Еріктілер кеңесінің құрамына түрлі мемлекеттік органнан игі істер атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын мемлекеттік қызметшілер кірді.
Құрылған сәттен бастап Еріктілер кеңесінің мүшелері тарапынан бірқатар қайырымдылық, экологиялық шара (қан тапсыру, жалғызбасты қарттарға көмек көрсету, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасау және т.б.) атқарылған болатын.
Бұл ретте Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Еріктілер кеңесінің мүшелері қайырымдылық шара ұйымдастырды. «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қаламыздың хайуанаттар бағына экскурсия ұйымдастырып, көңілдеріне қуаныш сыйлады.
Балалар экскурсия кезінде жануарлар мен құстардың көптеген түрін тамашалап, жануарлардың кей түрінің тіршілік ету ортасы және ұстау ерекшеліктерімен танысты.
Жақсы істің жаршысы болуға үлес қосқан Еріктілер кеңесінің мүшелеріне балалардың алғысы шексіз.
Алдағы уақытта жоспар аясында қайырымдылық істер атқару жалғаса береді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты негізінде