«Адамгершілік – асыл қасиет»
Осындай атаумен елордадан бастау алған ауқымды шара Қарағанды облысында да жалғасын тапты. Достық үйінде «Адамгершілік – асыл қасиет» атты облыстық форум өтті. Ол Ассамблеяның 30 жылдығына және Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған.
Алғыс айту күні Қазақстанда көктемнің бірінші күні атап өтіледі. Ол біздің елімізде 2016 жылдан бері аталып келеді және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу күніне орайластырылған. Қарағандыда Ассамблеяның 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай облыстық форум өтті.
– Біз алғашқылардың бірі болып Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеуді бастадық. Ассамблея құрылған жылдарында біздің қоғамымыздың маңызды буынына айналды. Бұл өзара құрметке, ынтымақтастыққа және қолдауға толы жол болды. 100-ден астам ұлт өкілі тұратын өңіріміз, көп ұлтты. Жиналған барлық қатысушыға бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы күш-жігері үшін алғыс айтамын, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыстық форум аясында түрлі қызмет саласының өкілдеріне шын жүректен алғыс сөздер айтылды. Донорларға адамдардың өмірін сақтап қалуға қосқан баға жетпес үлесі үшін, өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің тәлімгерлеріне баға жетпес тәжірибесі үшін ризашылығын жеткізді. Алғыс айту күні, 1 наурызда өз еңбегімен, күш-жігерімен және бастамаларымен ел халқының бірлігін, тұтастығы мен этносаралық келісімін нығайтуға үлес қосатындарға алғыс айтылады. Кездесудің маңызды оқиғасы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы болды. Марапатталғандардың арасында «Намус» Әзербайжан ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Гюлага Векил-оглы Рзаев та бар. Ол әзербайжан халқы тарихының қайғылы кезеңі – 1928 жылғы депортация туралы еске салып, қазақ халқына алғыс білдірді.
– Қанша жыл өтсе де, әзербайжан халқы осыны есте сақтайтын болады. Біз ұлт пен дініге қарамастан тату-тәтті өмір сүреміз. Бұл біздің ең басты құндылығымыз және Қазақстан үшін үлкен бақыт, – деп атап өтті Гюлага Векил-оглы.
Облыстық форум аясында 20 этно-мәдени бірлестік ұйымдастырған «Бірлікпен гүлденген Сарыарқа» атты көрме ашылды. Көрмеде этномәдени бірлестіктердің жетістіктері мен облыстың дамуына қосқан үлесі көрсетілген. Соңғы уақытта қазақтың ұмыт бола бастаған тоқыма өнеріне жасөспірімдер қатты қызығушылық танытты. Форумға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділеріне Қарағанды облысы әкімінің алғысхаттары табыстады. Шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Қайырымдық керуені» қайырымдылық науқанын бастады.
Жұпар ТОНТАЙТЕГІ,
«QH»