Абай ауданында «Таза Аула» экологиялық челленджі өтуде
Абай ауданында «Таза Аула» экологиялық челленджі өтуде. Қолдарына кетпен-күрек алған бір топ жас жәрдемге зәру қарттардың үйіне келіп, бар ынта-шынтасымен қолғабыс қылды. Ауданның әрбір өңірінде үйді ағартуға, қоршауды бояуға, терезелерді жууға, бақшаны арамшөптерден тазартуға және ағаш кесуге мұқтаж адамдар болды. Мұндай көмек алушылар тізімінде тыл еңбеккерлері, мүгедек адамдар, еңбек ардагерлері бар. Олардың әрқайсысы өз уақытында еліміздің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Жылдар өткен сайын аулада жұмыс істеу қиындай түсті. Акцияға қатысушыларға негізгі жұмыс бағыты – үйді әктеу, қоршауды түзету және бояу, шөп шабу, барлық қоқыстарды шығару. Игі жобаға қатысушылар үй аумағын қоқыстан тазартты. Жастар бұл арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді өзгелерге үлгі ете отырып, ауданның мәдени дамуына өз үлестерін қосуда.