АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды

Бүгін Астанадағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде бірқатар құжат қабылданды.


Саммит аясында АӨСШК-ге мүше мемлекеттерден бекіту үшін тиісті құжаттар ұсынылды.
«АӨСШК-нің трансформациясына қатысты құжаттарды қабылдау тұрғысында қандай да бір қарсылық бар ма? Қарсылық жоқ. Онда АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды деп саналады», — деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында.
Қабылданған келесі құжат қауіпсіздік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы АӨСШК көшбасшылары мәлімдемесінің жобасы болды.
Осы орайда Қазақстан Президенті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қадамдарына ерекше назар аударылатынын айтты.
Мұнымен қоса, саммит барысында АӨСШК қорын құруға қатысты құжат қабылданды.
Бұл тұрғыда Қазақстан Президенті АӨСШК қоры құжатының бекітілуі мен АӨСШК жобаларын анықтау мен іске асырудың арнайы тетігінің айқындалуына орай өз құттықтауын жеткізді.
Бұдан бөлек, БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінің терроризмге қарсы резолюциясын жүзеге асыру үшін АӨСШК-нің іс-қимыл жоспары қабылданды.