АҚШ вакциналауға міндеттейтін жаңа ережелер әзірлейді

Өз қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинацияламаған АҚШ -тың әлеуметтік мекемелері қаржылық қолдаудан айырылады-қызметкерлері індетке қарсы екпе алмаған қарттар үйлері мен мүгедектерге күтім жасау орталықтары федералды бағдарламаларға қатыса алмайды.

АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті Medicare және Medicade бағдарламаларына қатысу үшін қарттар үйлерінің барлық қызметкерлерін COVID-19 вирусына қарсы вакциналауға міндеттейтін жаңа ережелер әзірлейді. Осы Қағидалар 1,3 млн-ға жуық қызметкер жұмыс істейтін 15 мыңнан астам әлеуметтік мекемеге қолданылады.