АҚШ 5 жастан асқан балаларға PFIZER вакцинасын мақұлдады

АҚШ – та 5 жастан бастап балаларды вакцинациялау ресми түрде мақұлданды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенски 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer препаратын салуға болатынын жеткізді.

Қазір АҚШ-та вакцинаны 12 жастан бастап жасөпірімдер алып жатыр . Енді тағы 28 миллионға жуық бала екпе ала алады. Мамандардың айтуынша, балаларды вакцинациялау қалыпты өмірге оралу үшін қажет. CDC, азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) мамандарынан құралған топтар балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялау қауіптері мен артықшылықтарын бағалағаннан кейін рұқсат берілді.

Вакцинаның тиімділігі 91% құрайды. Зерттеу кезінде қауіпті жанама әсерлер табылған жоқ.

5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға рfizer вакцинасы үш апта үзіліспен екі дозада беріледі. Препараттың дозасы ересек адамның дозасының 1/3 бөлігін құрайды.

Қазақстанда жасөспірімдерді вакцинациялаудың нақты күні анықталған жоқ. Бірақ жас қазақстандықтар екпені ата-аналарының келісімімен алатын болады. Айта кетейік, Қарағанды облысының мектептерінде 12 жастан бастап жасөспірімдер саны 115 714.