Ақпараттық-түсіндіру тобы колледж студенттерімен кездесу өткізді
Бүгін а.ж. 8 ақпан күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды сән колледжі студенттері арасында Covid-19 қарсы екпесі және қайталап екпе алу туралы онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында спикер «Өзіңізді және жақындарыңызды қауіп-қатерге ұшыратпау үшін екпе алу қажет. Екпе екі кезеңде өтеді, екінші рет 21 күннен кейін алу керек. Егер аллергия болса, онда осы фактіні растайтын анықтама әкелуі керек»-деп атап өтті.
Сондай-ақ, спикер екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, қайталап екпе алу, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 65 адам қатысты.