Қайырымдылық – қайырлы іс

Республика күнін мерекелеу қарсаңында Қарағандыда «Жанашыр жүрек» халықтық қайырымдылық акциясы жарияланып, «25 игі іс» жобасы ұйымдастырылды.

– Бірқатар іс-шара өткізу жоспарлануда: аз қамтылған отбасыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсету, қаланың мәдени іс-шараларына тегін апару, экосенбіліктер, қарттарға азық-түлік себеттерін тапсыру, қарттар үйіндегі концерттер, джиу-джитсу жаттықтырушыларының ашық жаттығу өткізуі, ерекше балаларды хайуанаттар бағына тегін экскурсиялату және тағы басқалар, – деп хабарлады қалалық әкімшілікте.

Жақсылық керуенінің қатысушысы кез келген адам бола алады. Ол үшін 8-701-496-45-25 нөміріне қоңырау шалуға болады немесе әлеуметтік желіде #Республикакүні, #25игііс, #Жанашыржүрек хештегімен жасаған игі істеріңіз туралы есеп жариялауға болады.