Қазақстан Президенті Нью-Йоркке сапары барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебаттарына қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады.
Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз.
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.