Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығында оның жеке заттары алғаш рет Семейде көрсетілді
Семейде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай көрме ашылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығында 9 қыркүйекте «Абай – менің өмір тақырыбым…» атты көрменің ашылуы өтті. Бірегей жәдігерлер Алматыдағы «Әуезов үйінен» әкелінді. Көрмеде көрермен назарына көрнекті ғалым, жазушы Мұхтар Омарханұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты материалдар мен мәліметтер ұсынылды.
Бұл – «Абай жолы» роман-эпопеясының қолжазба көшірмелері, шетелден әкелінген кітаптар мен журналдар, шапан мен киім, сондай-ақ «Абай» журналының түпнұсқасының аудармалары», — деп түсіндірді мұражайдан.
Көрменің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтары, ұстаздар мен студенттер, мектеп оқушылары, мұражай мамандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Көрме 12 қыркүйекке дейін жалғасады.