Бүгін қазақ киносының күні атап өтілуде


Алғашқы қазақ киносы ретінде «Амангелді» фильмі саналады.

«Ленфильм» студиясында түсірілген картина ұлт батыр Амангелді Иманов туралы болды. Режиссері — Марк Левин, ал Амангелдінің рөлін актер Елубай Өмірзақов ойнады.
Осылайша, қазақтар туралы түсірілген алғашқы фильм дүниеге келді. 1941 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласында фильмдердің түсірілімімен Көркем және деректі фильмдер студиясы айналыса бастады. Кейіннен ол «Қазақфильм» болып өзгертілді.
Қазақстан кинематографистері одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы бұл күнді (12 қыркүйек) «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді.