General Electric Healthcare ҚР аумағында ультрадыбыстық аппараттарды, компьютерлік томографияларды және ЭКГ аппараттарын шығаруға дайын

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ресей/ТМД елдеріндегі General Electric Healthcare бас директоры-вице-президенті Елена Легезина және Дмитрий Занчевпен кездесу өткізді.

Бұл кездесу ҚР ДСМ-нің Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай отандық медициналық бұйымдардың үлесін 17-ден 50% — ға дейін арттыру мақсатында инвесторларды тарту, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өткізілді.

Тараптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен General Electric Healthcare компаниясы арасындағы медициналық жабдықтар өндірісін локализациялау саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Осылайша, компания өкілдері ҚР аумағында УДЗ аппараттарын, компьютерлік томографтар мен ЭКГ-ға арналған жабдықтарды өндіруге қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар диагностикалық жабдықта жұмыс істеу үшін медицина мамандарының біліктілігін арттыру үшін GE-академиясын немесе ҚР-да тренинг орталығын ашу мүмкіндігін талқылады.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты дамыту бойынша жол карталарын талқылау мен пысықтауды жалғастыруға қызығушылық білдірді.