Бүгін, Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы


✒️Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш Орда үкіметінің мүшесі.
Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында 1872 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келді.
А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі, әлі күнге дейін маңызды оқу құралы ретінде бағаланады.
️А.Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.