Өзекті мәселе оң шешім тапты

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің қала бойынша жұмыс сапары кезінде Көкпекті станциясы (бұрынғы Солонички) тұрғындарын көптен алаңдатқан мәселе оң шешімін тапты. Яғни, жыл соңына дейін станция толықтай Қарағанды қаласының құрамына қосылады.

Қазіргі таңда станцияда 122 үй бар екен. Халық саны — 500-ге жуық. Иә, станция шағын. Алайда жылдар бойы шешімін таппай, қордаланып қалған мәселесі шаш етектен. Ең басты мәселе — аумақтық және әкімшілік байланыс.

Мұндағы тұрғын үйлер Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданына қарайды. Ал, жер телімі болса Бұқар жырау ауданына тиесілі. Осы келеңсіздік билік өкілдеріне қолбайлау болып, тұрғындарды толғандырған мәселелердің дер кезінде шешілуіне айтарлықтай кедергі келтіріп келді. — Аумақтық-әкімшілік тиесілілік проблемаларына байланысты бізде су құбыры желілері жөнделмейді. Бірақ су құбыры өткен ғасырдың 60-шы жылдар салынған. Құбырлар тот басқан, тұзды, агрессивті орта, тұрақты үзілістер. Балансында сумен жабдықтау жүйесі бар ұйым тек жамап қоя салады. Біз станциямыздың толығымен Қарағандыға көшкенін қалаймыз. Содан кейін олар бізге назар аударып, сумен айналыса бастайды деп үміттенеміз, — дейді Көкпекті станциясының қоғамдық кеңесінің мүшесі Алена Степанова.

Аймақ басшысы тұрғындардың арыз-шағымын тыңдаған соң станцияны қала құрамына қосу мәселесін жыл соңына дейін шешуді тапсырды. Ал, келесі жылға арналған бюджетті бекіту кезінде станцияның мәселесін шешу назарға алынбақ. Яғни, ауыз су тарту және абаттандыру жұмыстары кезең кезеңімен жүргізіледі.

Арман АБИЛҚАСЫМОВ,

«QH»