Бірінші сыныпта – 17 мың бала

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат қабылдау аяқталды. Қарағанды облысында болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 17 мың өтініш берді.

– Құжат қабылдаудың 4 айында 17 мың өтініш қабылданды, оның 82%-ы электронды форматта. Балалардың 53%-ы қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылданды. Қазақ тілінде білім алатын сыныптардың басым бөлігі Ақтоғай (94,6%), Қарқаралы (88,5%), Шет (88,2%) аудандарында және Приозерск (78,8%) пен Балқаш (76%) қалаларында, – деп хабарлады Білім басқармасынан.

Ең көп бірінші сынып оқушылары Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы және Шет аудандарында болды.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА

«QH»