Екпе қоры жеткілікті ме?
Қарағанды облысында 115 екпе кабинеті жұмыс жасап тұр. Олар тәулігіне 8 050 адамға дейін қабылдай алады. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып берді.
Оның мәлімдеуінше, 19 шілдеге дейін Қарағанды облысында 678 907 адам екпенің 1-компонентін, 631 202 адам 2-компонентін алған. Сондай-ақ 249 826 тұрғын ревакцинациядан өтті. Қарағанды облысында дәл қазір коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 түрі бар. Олар: QazVac, Vero Cell, Pfizer, CoronaVac. QazVac пен Vero Cell жеткілікті мөлшерде, ал Pfizer тек 2-компонентке ғана қалды.
Өз тілшімізден