9 мамыр таңертеңнен бастап түрлі жастағы қарағандылықтар Мәңгілік алауға жиналды
9 мамыр таңертеңнен бастап түрлі жастағы қарағандылықтар Мәңгілік алауға жиналды.
Адамдар Ұлы Отан соғысына қатысқан әкелердің, аталары мен үлкен аталарының суреттері мен гүл шоқтарын әкеліп жатыр.
Кеңес сарбаздарының ерлігін еске алу үшін әскери қызметшілер мен билік өкілдері мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Қаза тапқан жауынгерлерді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек еске алды.
Мәңгілік алау алдындағы алаңға ауған жауынгерлері де жиналды.
– Бұл біздің аталарымыз бен әкелеріміздің Ұлы Жеңісі. Олар бізге бостандық сыйлаған жандар, – деді «Ардагер» Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Талғат Хасенов. – Жер бетінде соғыс болмасын! Біздің балалар бейбіт әлемде өмір сүруі керек!
Әрбір дерлік отбасында соғыспен байланысты сәттер мен естеліктер бар. Әр қарағандылықтың өз қайғы-қасіреті есінде:
– Менің бір атам Берлинге дейін жеткен, екіншісі Сталинград түбінде қаза тапты, – дейді Евгений Ермашев. – Бұл бүкіл елдің ерлігі еді. Мен үшін Жеңіс күні бізге өмір, бейбітшілік пен еркіндік сыйлағандарды еске алумен тығыз байланысты.
– Біз отбасымызбен келдік – немерелеріміз де, шөберелеріміз де бізбен бірге. Олар өздерімен бірге аталарымыздың портреттерін алып келді, – деп бөлісті Нұрбек Рахымжанов. – Олардың бірі соғыстан оралмай, майданда қайтыс болды. Екіншісі үйге оралып, әкемізді тәрбиеледі. Біздің бүкіл отбасымыз Жеңіс күнін бағалайды. Қазақстандықтарға бір ғана нәрсе айтқым келеді: «Батырлардың ерлігін ұмытпаңыздар!»
– Мен барлық қаза тапқандар мен атамды еске алуға келдім. Ол соғысып, Литвада ұрыс кезінде қайтыс болды. Ол командирді құтқарды, – дейді Наталья Комарова. – Бұл туралы маған туыстары айтып берді, содан кейін мен «Халық естелігі» («Память народа») сайтынан ақпарат таптым. Баршаңызды осы ұлы күнмен құттықтап, бейбітшілік, мықты денсаулық, амандық және сәттілік тілеймін!
Қарағанды облысында 24 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедегі тұрады.