Бала құқығы — басты құндылық
Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры — жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлаудың балалық шақ басымдығын мойындататын терең моральдық құндылық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. Осы мақсатта Қарағанды қаласының барлық мектебіне Қазақстан Республикасы Балалар құқықтарын қорғау комитетінің тақтайшалары орналастырылды. QR-кодты телефон арқылы сканерлеп, оқушылар мен ата- -аналар bala.gov.kz сайтына кіріп, қиын жағдайға түскен уақытта қалай әрекет ету қажеттігі туралы ұсыныстарды оқып, көмек алуға өтініш қалдыра алады.
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, «QH»