Жекеменшік мектептер ашу кезіндк кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шаралары

Білім беру қызметтеріне сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Бұл мемлекеттік мектептерде оқушы орындары тапшылығының айтарлықтай өсуімен байланысты. Бүгінгі таңда мемлекеттік мектептерде оқушы орындарының тапшылығы 264 мың орыннан асып, 2025 жылға қарай екі есеге артады деп күтілуде.

Орын тапшылығы мәселесін шешу, сондай-ақ қалалық және ауылдық мектептер арасындағы сапа алшақтығын қысқарту, шағын жинақталған мектептердің проблемаларын және тиісті деңгейдегі мектептері немесе мектептері жоқ елді мекендердегі балаларды оқытумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықтың жаңа моделі әзірленді.

  1. Камера объективін QR-кодына апарыңыз;
  2. Жеке мектепті ашу кезіндегі қолдау шаралары туралы ақпарат алыңыз.

Модель тұжырымдамасы келесідей:

1) кәсіпкер ғимаратты жеке мектеп етіп салады немесе реконструкциялайды;

2) мектеп пайдалануға берілгеннен кейін, мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім береді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына не кіреді?

Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер сомасы екі құрамдас бөліктен құралады:

– жалақы қоры, коммуналдық төлемдер, жабдықтарды сатып алу және т.б. қамтитын оқу процесін ұйымдастыру үшін төлемдер (1 оқушыға жыл сайын орта есеппен 532 мың теңгені құрайды). Бұл төлемдер мектепті пайдаланудың барлық кезеңі ішінде жүзеге асырылады және жыл сайын индекстеледі.

– амортизациялық компонент (құрылыс кезінде жылына – 96 АЕК және реконструкциялау кезінде 1 оқушыға жылына – 47 АЕК) мектеп пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде төленеді.

Осылайша бағдарлама мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау арқылы кепілдік береді.

Айта кету керек, мектептің меншік иесі оқу процесін жүргізу үшін атаана төлемін алуға құқылы, оның мөлшерін кәсіпкер өзі белгілейді.

Сондай-ақ жекеменшік мектептер салу (реконструкциялау) бойынша жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерде «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде банктік кредит мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кепілзаттық қамтамасыз ету болмаған жағдайда «Даму» қоры тарапынан кепілдендіру құралы бар.

Кәсіпкерлер үшін қосымша «бонус» жергілікті МЖӘ жобалары шеңберінде заттай гранттар түрінде жер учаскелерін алу мүмкіндігі болып табылады.

2018 жылдан бастап еліміздегі жекеменшік мектептер саны 121- ден 410-ға дейін өсті, олардың 90%- ы мемлекеттен мемлекеттік білім беру тапсырысын алады. Осылайша бағдарлама енгізілгеннен кейін үш жылдық кезеңде жекеменшік мектептер саны 3 есеге жуық өсті, бұл – бағдарламаның кәсіпкерлік қоғамдастық үшін тартымдылығын растайды.

Жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес, жатақханалар мен жекеменшік мектептер салу және реконструкциялау жөніндегі бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкер:

Бірінші, жобалардың ресми сайтына (www.fincenter.kz) кіру немесе ынтымақтастық шарттарымен егжей-тегжейлі танысу үшін Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығы call-орталығына қоңырау шалса болады: 8-800-080-28-28.

Екінші, алдын ала шарт жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру.

Біз жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз!

«ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ