Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кодекстің 84-бабында белгіленген айрықша жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:
1) Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау даңғылы, 55/4 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 0,8770 га жер учаскесінен 0,2070 га жер учаскесін алып қою; кадастрлық нөмірі 09-142-153-617, «Техникс» ЖШС-не уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен тиесілі, нысаналы мақсаты «аумақты абаттандыру, автотұрақтарды ұйымдастыру, жарнамалық конструктивтерді орналастыру»;
2) Қазыбек Би атындағы аудан, Бұқар Жырау даңғылы, 63/8 учаскесі, ауданы 0,0960 га, кадастрлық нөмірі 09-142-171-411, жеке меншік құқығында Түсіпбек Жәнгір Жанатұлына тиесілі, «сауда-тұрмыстық кешенді салу және одан әрі пайдалану» нысаналы мақсаты;
3) Қазыбек би атындағы аудан, 218 есептік орамы, 3-учаске, жалпы ауданы 158,8400 га, жер учаскесінен 14,7884 га жер учаскесін алып қою, кадастрлық нөмірі 09-142-218-238, жеке меншік құқығымен «КАРАТ» ЖШС-не тиесілі, нысаналы мақсаты «товарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу;
4) Қазыбек би атындағы аудан, 218-есептік орам, 17-учаске, жалпы ауданы 355,1300 га жер учаскесінен 5,4909 га жер учаскесін алып қою, кадастрлық нөмірі 09-142-218-017, жеке меншік құқығымен «Қараханқұрылыс» ЖШС-не тиесілі, нысаналы мақсаты «тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу».
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылғы 25 желтоқсан болып белгіленсін.
- Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгіну орны болып өтініш беру арқылы «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) белгіленсін: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет.
- «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- Қарағанды қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Д.А. Шакенов) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабында белгіленген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесіне хабарлама жіберу тапсырылсын.
- Қарағанды қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не (басшының м.а. Ж.Т. Тоқмурзин) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
- Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
- «Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруды бастау туралы» осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі М.Кожухов
