СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жібек Камали Қарағанды облысының экология департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы адалдық, ашықтық және заң үстемдігі қағидаттарын сақтау қажеттілігі жөнінде ақпарат берілді.

