Қош келдің, Рамазан!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы қасиетті Рамазан айының 19 ақпанда басталатынын ресми жариялады.

Ортақ ғылыми зерттеулер мен Пәтуа кеңесінің шешіміне сәйкес, қасиетті Қадір түні 16-нан 17-наурызға қараған түнге белгіленді. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызда атап өтіледі.

Сондай-ақ, биылғы пітір садақасының мөлшері 735 теңге болып бекітілді. Бұл сома еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа нарықтық бағасы негізінде есептелген. ҚМДБ өкілдері пітір садақаны ұнмен қатар арпа, мейіз немесе құрмамен де беруге болатынын атап өтті. Бір күндік підия мөлшері 4 000 теңге болып белгіленді.

Пітір садақасының бағасы (2026 жыл)

Бидай 2 келі – 318 теңге

Ұн 2 келі – 735 теңге

Арпа 4 келі – 514 теңге

Мейіз 2 келі – 6 400 теңге

Құрма 4 келі – 12 400 теңге

Рамазан айы – сабыр мен сауаптың, мейірім мен кешірімнің айы. Бұл айда жасалған әрбір құлшылық пен қайырымдылықтың сауабы еселеніп, мұсылман баласы рухани тазаруға, ізгі амалдарды арттыруға мүмкіндік алады.