Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар іске қосылып, танымал бағыттарда 35 мың орын ұсынылады

Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ үш қосымша пойызды жолға шығарып, жолаушылар көп қатынайтын бағыттар бойынша вагондар санын арттырады. Нәтижесінде жолаушылар үшін қосымша 35 мың орын қолжетімді болады.

Қосымша қатынайтын пойыздар:

– №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»:

Алматы-2 станциясынан – 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;

Астана-1 станциясынан – 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

– №204/203 «Астана «Нұрлы жол» – Шымкент»:

«Нұрлы жол» станциясынан – 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;

Шымкенттен – 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы – 8 рейс.

– №205/206 «Ақтөбе – Астана «Нұрлы жол»:

Ақтөбеден – 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;

«Нұрлы жол» станциясынан – 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

Бұдан бөлек, сұраныс жоғары бағыттар бойынша шамамен 230 тіркемелі вагон қосымша енгізіледі.

Қосымша ақпаратты 1433 (қоңырау шалу тегін) нөмірі арқылы және Instagram әлеуметтік желісіндегі @jolaushylar_tasymaly парақшасынан алуға болады.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметі негізінде