Ұлттық құрылтай: реформалар дамумен қатар нақты тәртіп орнатуға бағытталған

Ұлттық құрылтай мен үшін ең алдымен елдегі өзекті мәселелер туралы ашық әрі адал әңгіме алаңы. Бүгін Мемлекет басшысы реформалардың мәні тек дамумен шектелмей, нақты тәртіп орнатуды да көздейтінін ашық айтты. Бұл әлеуметтік салаға да, бюджет саясатына да, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігіне де тікелей қатысты.

Мемлекеттік шығыстардың ашықтығы мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесінде қатаң ұстанымның білдірілуі айрықша маңызды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бойынша қабылданған шешімдер жауапсыздық пен формалды көзқарастың бұдан былай қабылданбайтынын айқын көрсетеді.

Сонымен қатар Салық кодексі мен экономикалық реформаларға қатысты қоғаммен ашық диалог жүргізуге дайын екені атап өтілді. Бұл азаматтардың пікірі мен ұсыныстарының шын мәнінде ескерілетінін білдіреді.

Біз, депутаттар үшін, бұл – нақты бағдар. Яғни қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және олардың әрбір азамат үшін нақты нәтижеге айналуына қол жеткізу.

Шалабаева Зара Хамитовна
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының жетекшісі