Марапатталғандардың атынан жаттықтырушылар Серік Данияров пен Максим Рожков сөз сөйледі.

«Барлық спортшы мен жаттықтырушының атынан Қазақстан Президентіне сурдлимпиада спортшыларына көрсеткен үлкен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз Сурдлимпиада ойындарында 1997 жылдан бері өнер көрсетіп келеміз. Қазақстан үшін алтын медальді бірінші болып жеңіп алғаным есімде. Осы жылдар ішінде өте үлкен жұмыстар атқарылды. Жапониядағы ойындар біздің еліміз үшін жетістікке толы болды. Біз алғаш рет көп медаль иелендік. Осы дәстүрімізді әрі қарай жалғастырамыз»,


— деді ҚР Ұлттық Сурдлимпиада құрамасының жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Максим Рожков.

«Бүгінгі таңда ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз осы Сурдлимпиада ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсеттік, нәтижесінде осындай марапаттар мен жеңістерге қол жеткіздік. Елімізге, Президентке үлкен рахмет. Мен өзімнің қола медалімді Мемлекет басшысына арнағым келеді»,

— деді үстел теннисінен ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы Серік Данияров.

Марапатталғандар:

 «Құрмет» орденімен:

Еркебұлан Қанафин – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);

Шадияр Қуандық – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);

Сергей Дмитренко – сурдо дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері;

Қуанышбек Мұқаш – «Сурдо дзюдо федерациясы» РҚБ президенті;

Азамат Қарлығашев – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті.

 ҚР Президентінің Алғысымен:

Сәуле Шақуова – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас директоры;

Серік Сәпиев – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті;

Айжан Чокина – ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас хатшысы.

 

ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен:

Ғұлама Хамзе – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.);

Амина Файзулина – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);

Тоқтарбек Айдарбек – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);

Алтынбек Кәкітаев – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);

Айым Жетписбаева – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);

Сабиржан Хапизов – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);

Анна Краморова – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);

Ерсін Болатов – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);

Айдос Түгелбаев – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);

Анастасия Тимошенкова – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);

Дина Адамбаева – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);

Фериде Караоглы – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);

Ольга Гараева – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.),

Фаина Мейрманова – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.),

Нұрсұлтан Күлдеев – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),

Аян Абдраш – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),

Айжамол Абдикатова – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),

Аида Макатова – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),

Андрей Самарин – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.);

Рамазан Әбдрасіл – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);

Хайратхаан Шонку – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері (2025 ж.);

Шадияр Пернеш – Токиодағы Сурдлимпиада чемпионы (2025);

Ғабит Есжанов – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2025 ж.);

Ғасыр Тұрғынбай – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);

Сабыржан Рсалы – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);

Қанат Конкубаев – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);

Данияр Искендиров – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025);

Абылай Бүркітбай – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);

Бижан Төлебаев – Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 жыл);

Зульфия Мұхамедиярова – дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Нұржан Сейітқанов – дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Богдан Весельский – жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы;

Елена Пономарева – жеңіл атлетикадан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Ерлан Мұқажан – грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Ерназар Қонысбаев – еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Бек Молдахметов – еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Серік Данияров – үстел теннисінен ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Ербол Симамбаев – тхэквондодан ұлттық құрама командасының бас бапкері;

Максим Рожков – жеңіл атлетикадан жаттықтырушы;

Мерхат Болатханов – тхэквондодан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;

Мерверт Бейсова – «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК медбикесі;

Нұрила Алменова – «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК медбикесі.