Амир Омарханов Тунистегі турнирдің жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Амир Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты.
АТР рейтингісінде 1115-орындағы Омарханов ширек финалда әлемнің 847-ракеткасы, испаниялық, 23 жастағы Хорхе Планспен бетпе-бет келді. Екі сетте де 6:4, 6:4 есебі тіркеліп, Әмірдің пайдасына шешілді.
Амир Омарханов финалға шығу үшін әлемнің 776-ракеткасы, германиялық, 18 жастағы Мика Петковичпен таласады. Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 жарысының ширек финалында тартысты матчта әлемнің 979-ракеткасы, нидерландылық Брайн Боземожуға есе жіберді – 6:7 (2:7), 1:6.
Дегенмен Заңғар осы додада ересектер арасында екі кездесуін жеңіспен аяқтап, АТР рейтингісінде алғашқы ұпайына қол жеткізді.

