Сарыарқаның сенімді ойыны
Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы өз жанкүйерлерінің алдында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ел чемпионаты аясындағы кездесуде қарағандылықтар Өскеменнің «Торпедо» командасынан 3:1 есебімен басым түсті.
Матч басталысымен-ақ «Сарыарқа» ойын тізгінін өз қолына алды. Қарсыластың қорғанысын жиі бұзып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Қақпашы Жакен Ибрагимов бұл ойында ерекше көзге түсіп, 40-тан астам соққыны тойтарып, командасының сенімді тірегіне айналды.
Бірінші кезеңде Радель Фазлеев есеп ашып, қарағандылық жанкүйерлердің қуанышын еселей түсті. Оның дәл соққысы нәтижесінде «Сарыарқа» 1:0 есебімен алға шықты.
Екінші кезеңде алаң иелері артық құрам мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Данила Карабань тағы бір шайбаны қарсылас қақпасына тоғытты. Осылайша, есеп 2:0 болып өзгерді.
Үшінші кезеңде «Торпедо» ойыншыларынан Максим Базанов есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен, қарағандылықтар сабыр сақтап, ойынның соңғы бөлігінде Сергей Барбашев соққан шайба нәтижесінде басымдықты қайта бекіте түсті.
Ойын қорытындысы төмендегідей болды:
Қорытынды есеп – «Сарыарқа» 3:1 «Торпедо» (Өскемен)
Шайбаларды соққандар:
1:0 – Радель Фазлеев (ассистент – Михайлов)
2:0 – Данила Карабань (ассистент – Сиксна)
2:1 – Максим Базанов (ассистент – Тютюньков)
3:1 – Сергей Барбашев (ассистент – Михайлов)
Бұл жеңіс «Сарыарқа» клубының чемпионат кестесіндегі жағдайын жақсартып, үздік үштікке қайта оралуына мүмкіндік берді. Команданың ұйымшылдығы мен тактикалық дайындық деңгейі жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Келесі кездесуде қарағандылықтар өз алаңында тағы бір маңызды ойынды өткізеді. Жанкүйерлердің сенімі мен қолдауы команданы жаңа жеңістерге жетелейтіні сөзсіз.
Ералы ҒАНИ,
«QH»

