«Шахтер» өз жанкүйерлерін қуантты

Қазақстанның Бірінші лигасы аясындағы 11-тур ойынында «Шахтер» командасы өз алаңында «Оңтүстік» академиясын қабылдап, сенімді жеңіске қол жеткізді. Кездесу 4:1 есебімен аяқталды.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері басымдық танытты. 15-минутта шабуылшы Диас  Қалыбаев есеп ашып, жанкүйерлерін қуантты. Ассистент ретінде Эльхан Саидов көзге түсті. Бұдан кейін ойын қыза түсті, қос команда да бірқатар қауіпті шабуылдар ұйымдастырды.

Бірінші тайм барысында бірнеше футболшыға ескерту көрсетілді. «Шахтердан» Рафаил Оспанов, Диас Қалыбаев және Сұлтан Әбілдаевке, ал қонақтардан  Әли Тұрғаннов сары қағаз алды.

Екінші таймды Қарағанды командасы өте белсенді бастады. 50-минутта Максим Галкин есепті 2:0-ге жеткізді, оған пас берген – Юрий Перчух.

Қонақтар ойынға өзгеріс енгізу мақсатында бірқатар ойыншыны алаңға тыңнан  қосты, алайда бұл нәтиже бермеді. Керісінше, 64-минутта Арман Нүсіп алаңға шығып, команда ойынына серпін қосты.

68-минутта «Оңтүстік» академиясының ойыншысы Жавланбек Бабаназаров қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша, қонақтар 10 адамдық құраммен ойынды жалғастыруға мәжбүр болды. Он ойыншыға қарсы сәтті ойнаған жергілікті ұжым  76-шы минутта Максим Галкиннің дубльінің арқасында есепті 4:0-ге жеткізді. Ал ойынның қосымша қосылған минутында Бексұлтан Амангелді «Шахтер» қақпасына доп тулатып, матчтың нүктесін қойды. Ойынның қорытынды есебі – 4:1.

Бұл жеңістің арқасында Қарағанды ұжымы турнир кестесінде өз орнын сақтап, жанкүйерлер үмітін ақтады. Енді қарағандылық ұжым  4 шілдеде Таразға қонаққа барады. Жерлестерімізге алдағы ойында сәттілік тілейміз!

Ералы ҒАНИ,

«QH»