Қарағандылық теннисші АҚШ-тағы беделді турнирде жеңіске жетті
Қарағандылық Әмір Омарханов ITF Juniors J500 Orange Bowl сериясындағы беделді жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды. Бүгінгі таңда қарағандылық спортшы Қазақстанның 18 жасқа дейінгі алғашқы ракеткасы болып саналады.
Омарханов жарыс финалында ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұптасып, Анри Берно (Швейцария) және Денис Петак (Чехия) дуэтін 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.
Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде (Флорида, АҚШ) өткізіледі. Турнир жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты болып саналады. Матчтар ашық корттарда өтеді, жабын – көгалдандырылған жер.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің ақпараты негізінде