«Жасыл мектеп» жобасы

 

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының № 12 ЖББМ, №33 мектеп – бөбекжай кешені, Абай атындағы мектеп – гимназиясы «Жасыл мектеп» жобасына енді. Бүгін №33 мектеп-бөбекжай кешенінде «Жасыл мектеп» жобасының тұсаукесері өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ә.Ү.Әлденей, білім басқармасы басшысының орынбасары А.Т. Болкенбаев, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры И.И.Скородиевский, «ECO Network» ЖШС компаниясының негізін қалаушы Е.Е.Мұхамеджанов, компанияның Қарағанды қаласындағы серіктесі «ECO Network» ЖШС өкілі А.Мұрат қатысты.


Көрермендерге шығармашылық нөмірлер, үгіт-насихат бригадасының қойылымы, ECO Network компаниясының «Жасыл мектеп» жобасының тұсаукесері, эко-жаттықтырушыларының қатысуымен ойын-сауық-танымдық викториналар өткізіліп, балаларға ECO Network компаниясының сыйлықтары табысталды.

Экологиялық тәрбие – балалардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыратын білім берудің маңызды құрамдас бөлігі. Балаларды экологиялық тәрбиелеу — бұл олардың жан-жақты дамуының орасан зор әлеуеті.
Осы бағыттағы жұмыс білім басқармасының тұрақты бақылауында.