Үздік құсбегілер

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде жасөспірімдер мен жастар арасында аңшы құстармен аң аулау бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Ең мықты бүркітші атағы үшін еліміздің 11 облысынан, Астана мен Алматыдан 60 спортшы бақ сынасты.

Жарысқа олар 40 бүркіт, 17 қаршыға және 9 сұңқар алып келді.

Аңшылар құстарды қолына тарту, аң аулау және олжа іздеу кезінде оларды бағыттау қабілетімен жарысты.

Қарағанды облысынан өнер көрсеткен Қазбек Жандаулет бүркітпен аң аулауда үшінші болды. Бірінші және екінші орындарды Жамбыл және Алматы облыстарының өкілдері иеленді.

Бір бүркітшіге бірден белгілі бір санаттағы бірнеше түрлі құспен өнер көрсетуге рұқсат етілді.

Ақмола облысынан Дархан Кеңес бүркітпен де сұңқармен де жарысқа қатысты.

– Үлкен ағам алдымен дәстүрлі аң аулауды бастады. Мен де бірте-бірте қызығушылық танытып, онымен бірге жаттығуды бастадым. Бізде сұңқарлар да, бүркіттер де бар. Уақыт болса, әртүрлі құспен жұмыс істеуді үйренуге болады, – дейді ол.

Чемпионатта Дархан сұңқарымен екінші орын алды. Ол сондай-ақ бүркіттермен аң аулайтын финалистердің қатарына кірді, бірақ бұл санатта жүлделі орын алған жоқ.

Сұңқар аулауда бірінші орында Алматы облысының өкілі, ал үшінші орында – елорда тұрғыны болды.

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының қатысушылары сұңқармен аң аулауда үздік атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 500, 300 және 200 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталды.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты негізінде

Фото Бұқар жырау ауданы әкімдігінен