Жас дарын

Қарағандылық Диана Шипилова Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен Республикалық байқауда бірінші орынға ие болды. Оқу мен өнерді бірге алып жүрген дарынды жас музыкалық аспап – саксофонда ойнаудың қыр-сырын меңгерген.

Саксофон үні тыңдарманды ерекше әсерге бөлейтін музыкалық аспап. Ол бірде көтеріңкі, бірде әуезді ырғақпен бой тебірентіп, көңілге әсем ырғақ сыйлары сөзсіз. Тәттімбет атындағы Қарағанды ​​өнер колледжінің студенті Диана Шипилованың Литвада өткен халықаралық жас орындаушылар байқауына қатысып, 2 орын алғаны мақтаныш. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық өнер институты ұйымдастырған үрмелі ағаш аспаптарымен өнер көрсету республикалық байқауда да топ жарды. Шығармашылықтағы жетістік жүйелі даярлықтың жемісі.

– Саксофонда ойнағанда оны дұрыс ұстау, ауаның дұрыс түсуі, дұрыс дыбысталуы барлығына ерекше көңіл бөлесің. Орындалар шығармаға орай музыкалық аспапты қолайлы қолдану, икемді ыңғайын қарастыруға тура келеді. Ол сол шығарма мәнерлі, әуезді дыбысталуы үшін, – дейді саксофоншы Диана Шипилова.

Және бұл істе Дианаға оның ұстазы Қазақ ұлттық музыка академиясының түлегі Әсел Тәлікбаева жәрдемдесуде. Саксофоншы өнерпазымыз күн сайын жаттығумен, шеберлігін шыңдап, ойнау техникасын жақсартуда.

– Диана талапшыл, алдына мақсат қойып, соған жету үшін талпына түседі. Дайындық сабақтарын босатпайды. Біздің мамандықтағы ең маңыздысы даярлық. Дайындыққа жауапкерілікпен қарайды. Өз ыңғайын, мақсатын біледі және не істеу керек, қалай әрекет ету керегін жақсы біледі, – дейді кларнет және саксофон пәні мұғалімі Әсел Таликбаева.

Диана талапшыл студент қана емес, бұл күнде сабағын жұмыспен ұштастырып жүрген әрі сол ісімен өзгеге өнеге бола алатын өнерпаз. Нақтылай өтсек, Диана екінші жыл қатарынан Қали Байжанов атындағы Қарағанды ​​концерттік бірлестігінің джаз оркестрінде өнер көрсетеді. Бұл әрі еңбек, әрі шығармашылықты шыңдау, тәжірибе жинақтау. Өнерге деген ұмтылысы бар Диана Шапилова өз сөзінде: оркестр деген – үлкен механизм онда әр адам өз рөлін ойнайды. Шығарманың дұрыс естілуі үшін оркестр құрамы тамаша тепе-теңдікте болуы керек дейді. Бұл да өнерді тыңдарманға жеткізудің әдісі. Шығармашылықпен үндес студент бүгінде мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсыруға даярланып жатыр. Сонымен қоса алда Құрманғазы атындағы консерваторияда өтер сайыста концерттік қойылымын ұсынуға әзірлік үстінде.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ,                                 

«QH»