Тұмауға қарсы вакцинация

Қазақстанда жыл сайын қазан айынан наурыз айына дейін 4 миллионға дейін адам жедел респираторлық вирустық инфекциялармен, тұмаумен ауырады. Бұл статистиканы Денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Қазіргі уақытта елде тұмауға қарсы вакцинация науқаны жүріп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, тұмаумен ауырған кезде жұмысқа бару мүмкін емес. Егер дене температурасы кенеттен көтеріліп, дене сырқырап, адам төсекке жатуға мәжбүр болса, бұл – тұмау. Ал егер ауру мұрыннан су ағу және тамақтағы ауырсынудан басталса, содан кейін ғана температура көтерілсе, бұл ЖРВИ. Биыл А/H1N1 типті вирус, яғни құс тұмауы, H3N2 және В типті тұмау вирустарының айналымы күтілуде. Осы штаммдар Ресейден сатып алынған вакцина құрамына енгізілген. Барлығы 2 207 000 доза вакцина жеткізілді, оның 145 000 астамы қазақстандықтар арасында қолданылды. Жыл сайын қазаннан сәуірге дейін елде 3-4 миллион ЖРВИ жағдайы және шамамен 2 000 тұмау жағдайы тіркеледі. Өткен жылы суық тию оқиғаларының саны осы деңгейден төмен болды.

– Биыл қыркүйек айында 544 000 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға төмендегенін көрсетеді. Бұл мүмкін, өткен жылы ауа-райының ертерек суытуымен және ауру жағдайларының артуымен байланысты болды. Қазіргі уақытта біз осы кезеңде ауру деңгейінің төмендегенін байқаймыз, – дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Әйгерім Баяшова.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»