Шахмат – ақыл-ойдың спорты
Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі. Ежелден жеткен аңыздарға сүйенсек, шахматты алғаш болып біздің заманымызға дейінгі мың жыл бұрын үндістандық математик ойлап тапқан деседі. Шахмат сөзінің мағынасы патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді.
Қарағандыда алғаш рет шахматтан халықаралық турнир өтуде. Қарағандыда жақын және алыс шетелдердің ең мықты гроссмейстерлер жиналады. 26 тамыздан бастап, 5 қыркүйек аралығында Қарағанды облысы әкімінің классикалық шахматтан алғашқы Ашық Кубогы өткізілуде.
– Қарағанды облысының тарихында алғаш рет осындай жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізілуде. Барлық шахмат чемпионаты санаттарға бөлінеді. Сонымен, бұл турнир «С» тобындағы континенттердің чемпионаттары кіретін спортшылар қатысады, бұл оның маңыздылығын көрсетеді. Тоғыз елдің: Армения, Ресей, Үндістан, Швеция, Украина, Польша, Моңғолия, Испания және Қазақстанның мықты шеберлері қатысады, – деді турнирдің бас төрешісі Олег Ринас Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.
Ол Қазақстан құрамасы үшін бұл турнир 10 қыркүйекте Венгрия астанасы Будапештте басталатын 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына дайындықтың соңғы кезеңі болатынын атап өтті. Турнирді Қарағанды облысының әкімдігі, Қазақстан шахмат федерациясы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Халықаралық жарыстар аясында тағы үш турнир өтеді, онда әртүрлі жастағы әуесқойлар бір залда көрнекті гроссмейстерлермен ойнайды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры 6 млн теңгені құрайды. Ұйымдастырушылар бұл деңгейдегі турнир шахмат спортын жаңа биіктерге көтеретініне сенімді.
– Қарағандыда шахмат қарқынды дамып жатыр. Бізде перспективалы спортшылар бар. Осыдан жарты ай бұрын Әлімжан Аяпов тірек-қимыл аппараты бұзылған шахматшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды. Даниял Сапенов жақсы нәтиже көрсетіп, жасөспірімдер құрамасына және еліміздің үздік бес жас шахматшылар қатарына кіреді. Бұл турнир одан әрі өсуге серпін береді деп үміттенеміз, – деп атап өтті Олег Ринас.
Қарағанды облысының шахматтан аға жаттықтырушысы Артем Симонян барлық қатысушыға табыс тіледі.
– Жалпы шахмат индустриясы үшін өте қуаныштымын. Бұл шара өте маңызды. Мұндай жарыстар ойынның танымал болуына және шеберліктің артуына ықпал етеді, – деді ол.
«Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» деп америкалық публицист Ричард Бах айтпақшы, адамның бәсекеге қабілеттілік қасиетінің дамуына шахматтың пайдасы көп. Тіпті, әлемдегі ел басқарған айтулы саясаткерлер шахмат ойнап, табысқа жете білген. Бұл аңыз шындыққа жанасады. Тақтасы 64 шаршыдан тұратын шахматтың бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка пішініне қарап-ақ пайымдауға болады. Өйткені, үндістандықтар пілді ертеден асырап, пайдаланып келеді.
Жанбота БЕЙСЕМБАЙ, «QH»