Өңіріміздің шалғайдағы мектептері 100% интернетке қосылды

Биыл Қарағанды облысының 106 ауылдық мектебі StarLink интернетіне қосылды. Осылайша, өңірде жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 100%-ға жетті, деп мәлім етілді педагогтарға арналған облыстық тамыз конференциясында.

– Кең жолақты интернетке қолжетімділік балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан – ауылдық жерде немесе қалада болсын сапалы білім беру контентін алу бойынша кең мүмкіндіктер ашады, – деп атап өтті өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен қатар, өңір мектептерін компьютерлендіру төрттен бір бөлікке ұлғайтылды. 9 мың заманауи компьютер сатып алынды. Бұл жұмыс жалғасады.

Жабдықтарды жаңарту Қарағанды облысының мектеп біліміне заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Digital matematika және BilimTest жобалары іске асырылуда.

Жасанды интеллектті қолданатын цифрлық платформалар оқытуды тиімдірек етеді.

Мысалы, Digital matematika оқушыларға тақырыптарды өз бетінше үйренуге, практикалық тапсырмаларды орындауға, білімдегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Интерактивті жүйе екі тілде жұмыс істейді.

BilimTest мобильді қосымшасы әртүрлі сынақ тест және пайдалы оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биыл ElSkills жобасын іске қосу жоспарлануда. Ол мұғалімдерді басқалардың эмоцияларын тануға және өз эмоцияларын басқаруға үйретуге бағытталған.

– Қарағандыда өтіп жатқан тамыз кеңесіне біз өз платформамызды ұсынып отырмыз, бұл платформа Қарағанды облысының әр тірек мектебінде бар, мұнда мектеп туралы барлық мәлімет қамтылған. Және де Sandyq қосымшасын ұсынып отырмыз, ол да тірек мектептерде қолданылады, биылдан бастап ол DIGITOUCH интерактивті панелі бар мектептерде тегін қолданылатын болады. Sandyq қосымшасы бір жерге біріктірілген, оқулықтарға, бейнесабақтарға, білім беретін платформалар мен ресурстардың барлығын бір жерге жинақтаған, сабақ барысында ғаламтордан іздемей, барлығын бір жерден алу үшін. Биылдан бастап Қарағанды облысының тірек мектептері осы қосымшамен жұмыс жасайтын болады, – деп бөлісті DIGITOUCH компаниясының интерактивті жүйелер бойынша маманы Нұржан Қалниязов.

Құралай КӨБЕНОВА, «QH»