Білім ордалары
Депутаттық корпустың алдында тұрған жыл сайынғы міндеттердің бірі – мектепке дейінгі білім беру объектілерінде жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылау. Қарағандылық халық қалаулылары Оңтүстік-Шығыс ауданында орналасқан білім ордаларын аралады.
Депутаттар мердігерлік ұйымдардың жұмысын және оқу орындары әкімшілігінің жөндеу процестеріндегі функцияларын объективті және бейтарап бағалайды. Белгілі бір объектілерге барар алдында құжаттама, сметалар мен шарттар зерттеледі. Орбитадағы №86 жалпы білім беретін мектепте трансформациялар кіргеннен көрінеді. Мұнда кіру тобы жаңартылды. Жөндеуге бөлінген қаражаттың бір бөлігі қоршауға, бір бөлігі кабинеттерді жөндеуге және есіктерді ауыстыруға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеуге жұмсалған. Жалпы ағымдағы жөндеуге шамамен 50 миллион теңге бөлінген. Технология кабинеті жасалып, жаңа жабдықпен қамтамасыз етілді. Басшылықтың айтуынша, жұмыстың аяқталуы 15 тамызға жоспарланған. Қалған үнемделген қаражат мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға жұмсалады.
Ал №59 жалпы білім беретін мектепті жөндеуге 65 миллион теңге бөлінді. Мұнда биыл асханада жөндеу жұмыстарын толық жүргізу туралы шешім қабылданды. Жөндеу жұмыстары бірінші қабаттада жүргізілді. Ерекше атап айтатыны акт залын жөндеу. Ендігі кезекте мектеп басшылығы қасбет пен мектеп ауласын ретке келтіргісі келеді.
– Біз акт залын, 1 қабатты жөндедік. Асханамыз да жөндеуден өтті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дәретхана ретке келтірілді, – дейді №59 ЖББМ басшысының міндетін атқарушы Ольга Серякова.
Керамическая көшесіндегі №87-ші мектеп те қалалық мәслихат депутаттарының назарынан тыс қалған жоқ. Мұнда едендер мен қабырғалар жаңартылды, жаңа есіктер орнатылды, спорт залында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Рейд кезінде депутаттар кемшіліктерді анықтап, көрсетілген мерзімде жоюды міндеттеді.
Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»