Жазғы спорт түрлері

Күн ысып, сыртқа шығып, біраз ләззат алатын кез келген секілді. Күн ұзарып, температура көтерілген сайын үйде отыру да мүмкін емес болып барады. Адамның бәрі жеңіл киініп, өздерін еркін сезіне бастады. Осы уақытта айналысуға болатын жазғы спорт түрлерінің де саны жетерлік. Ал сіз неден бастарыңызды білмей жүрсіз бе?

Жазбен бірге көлге түсу маусымы да басталады. Осы ретте керемет спорт түрі ол әрине — жүзу. Жазғы жүзу — бұл барлық жастағы адамдар үшін танымал спорт, әсіресе ыстық айларда адамдар салқындау жолын іздейді. Бұл белсенділікті сақтаудың, достарыңызбен және отбасыңызбен уақыт өткізудің және ашық ауада ләззат алудың көңілді тәсілі болуы мүмкін. Жүзу физикалық және психикалық денсаулық үшін көптеген артықшылықтар береді. Бұл стрессті жеңілдетуге, көңіл-күйді жақсартуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі.

Жазғы спорт түрлерінің тағы бір танымал түрі – футбол. Сіз тәжірибелі ойыншы болсаңыз да, жаңадан бастаушы болсаңыз да, жазғы футбол — белсенді және көңіл көтерудің тамаша тәсілі. Сіз жергілікті саябақтар, мектептер және қоғамдық орталықтарды қоса алғанда, әртүрлі ашық алаңқайларда футбол ойнай аласыз. Сондай-ақ арнайы лигаларға қосылуға және турнирлерге қатысуға мүмкіндіктер бар.

Жазбен бірге демалыс уақыты да көбейе түседі. Адамдардың көбісі көл мен теңізі бар аймақтарға барғанды ұнатады. Құмды жағажайларда жалаң аяқ жүгіру кезінде спортпен айналысу таңғажайып тәжірибе болуы мүмкін. Жағажай волейболы — денсаулыққа көптеген артықшылықтар ұсынатын, сондай-ақ ашық ауада ләззат алуға тамаша мүмкіндік беретін спорт түрі. Бірақ жазғы спортпен шұғылдану кезінде көп су ішуді ұмытпаңыз. Энергияны сақтау үшін ойынға дейін, ойнау кезінде және одан кейін көп су ішу маңызды.

Сондай-ақ серфинг тақтасына да мініп көрсеңіз болады. Бірақ алғаш рет мінетін болсаңыз білікті маманмен жаттығу жасағаныңыз абзал. Серфингпен айналысу табиғатпен байланысудың және мұхиттың сұлулығынан ләззат алудың тамаша тәсілі.

Тағы біз жазғы танымал, әрі ерекше спорт түрлерінің бірі – теннис. Жазда теннис ойнау – денсаулықты сақтаудың, күн сәулесін бойға жинаудың тамаша тәсілі. Теннис — кез келген жаста шұғылдануға болатын спорт түрі. Тенис ойнау арқылы сіз жылдамдық пен мергендікті қалыптастырасыз. Таза ауада ойнау арқылы денсаулығыңыздың мықты болуын да қамтамасыз етесіз.

Ал жазғы спорт түрлерінің ең қарапайым түрі, ол әрине жүгіру. Жүгіру кезінде сіздің барлық бұлшық еттеріңіз қозғалыста болады. Тыныс алу жүйесі де ашылып қалпына келеді. Төзімділігіңіз де арта түседі. Жүгірудің арқасында сіз өзіңізді еркін сезініп, қимылыңыз да жеңілдей түседі. Ал жалпы алғанда қандай спортпен айналыссаңызда денсаулығыңызда жағымды әсер береді. Ең бастысы шамаңыздан артық айналыспаңыз. Кейде тіпті таза ауада серуендеудің өзі ағзаға керемет әсер етеді. Салауатты өмір салты – салауатты өмірдің бастауы!

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»