Білектілер сайысы

Қаламызда «Қажымұқан жолы» атты спорттық сайыс өтті. Әр өңірден кіл мықтыларды жинайтын бұл сайыс осымен 16 рет ұйымдастырылып отыр. Шаһарымызда алып күш иелерін бір жерге топтастырған жарыс тартысты болды.

«Қажымұқан жолы» спорттық шарасы негізінен 2021 жылы бастау алған. Содан бері бірнеше өңірді аралап, биыл Қарағанды облысында өткізу жолпарланған екен. Былтыр жарыс Шымкент қаласында өткен.

– Өздеріңіз білетіндей бұл жарыс атақты палуан Қажымұқанның құрметіне арналып, ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – жастарды спортқа баулу. Байқап отырсаңыздар, бұл жерде спортпен кәсіби түрде айналыспайтын адамдар жиналған. Жан-жақтан келген қауым өздерінің қара күштерін дүйім жұртқа көрсетпекші, біздің мақсат осы. Әр өңірдің кіл мықтыларын жинау, – дейді шараны ұйымдастырушы Азамат Қарлығашов.

Жалпы ой мен бойды сергек ұстау үшін спорттың қаншалықты маңызды екенін айтпасақ та болады. Десе де бұл жолды нық ұстанған жандар осындай негіздегі шараларды ұйымдастырып, халық қамын ойлауда. Қажымұқан жарысын өткізу Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың бастамасы болған. Алайда жарыс Қажымұқан атамыздың құрметіне аталғандықтан ба, әйтеуір Сергейді дүйім жұрт Серғазы деп қазақшалап есім қойған көрінеді. «Жарыс мұнымен тоқтап қалмайды, келесі жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында, содан кейін Алматы және Қонаев шаһарында ұйымдастырылмақ. Сайыс нүктесі Астана қаласында қойылады. Осылайша еліміздің қара күш иесі анықталады» дейді ұйымдастырушылар.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»