Санжар Қалиақбар жүлдегерлер қатарында

Химия пәнінен Қытайда өткен 58-халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар тоғыз медаль жеңіп алды. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені таласқа салды.

Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола – барлығы 9 медаль жеңіп алды. Қола жүлдегерлер қатарында қарағандылық Санжар Қалиақбар да бар.

Санжар Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10-сыныбында оқиды.

– Санжар 7-сыныптан бастап химия олимпиадасында, сол кезден бері облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып жеңімпаз атанған. Биыл халықаралық деңгейге шығып, онда да жақсы нәтиже көрсетті, – дейді шәкірті жайлы №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі Назерке Білімхан.

Құралай КӨБЕНОВА,«QH»