Қарағанды облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына қабылдау жүріп жатыр
Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында «Жасыл ел – 2024» жастар еңбек жасағына қабылдау басталды. Оған аймақтың 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) тұрғындары қатысады. Құжаттар 8 мамырға дейін қабылданады.
Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 4 800 адам кіреді деп күтілуде.
Қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтарына келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
– өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер өтініш беруші 16 жасқа толмаған болса);
– ата-аналардың немесе заңды қамқоршылардың жастардың еңбек жасақтарына жұмысқа орналасуға жазбаша рұқсаты (егер өтініш беруші 18 жасқа толмаған болса);
– қатысушының жеке банктік шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
– халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесін растайтын құжат (бар болса).
Жастар ресурстық орталықтарының мекенжайлары:
- Абай ауданының Абай қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы к-сі, 34;
- Ақтоғай ауылында Ә.Бөкейхан көшесі, 10 б;
- Балқашта Абай көшесі, 32;
- Бұқар жырау ауылында Абылай хан көшесі, 41 а;
- Қарағандыда Әлиханов көшесі, 4, 135-каб.;
- Қарқаралы ауданында В.Рей көшесі, 50;
- Нұра ауданында Қонаев к-сі, 29;
- Осакаров ауданында Жамбыл көшесі, 1а;
- Приозерскіде Достық көшесі, 23;
- Саранда Жамбыл көшесі, 61/1;
- Теміртауда Құрылысшылар даңғылы, 47;
- Шахтинскіде Қазақстан көшесі, 101;
- Шет ауданында С.Сейфуллин көшесі, 76а.