Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының 2023 жылдың 1 жартыжылдықтағы қадағалау қызметінің нәтижелері

 

Ағымдағы жылы негізгі күш-жігер заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.
Әлеуметтік-экономикалық салада 843 адамның, оның ішінде 274 мүгедек балалардың құқықтарын қалпына келтіру жолымен олардың құқықтары қорғалды.
Бизнесті қорғау саласында тұрақты жұмыс жүргізілді. Мәселен, мобильді топқа (аудан прокуратурасы құрған) 16 кәсіпкерлік субъектісі жүгінді, оның ішінде 5 сигнал расталды, 11-не түсініктеме берілді.
38 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, олардың пайдасына 12,4 млн. теңге өндірілді, 6 лауазымды тұлға жазаланды, 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
379 500 теңгеге 3 әкімшілік іс қысқартылды. Әкімшілік материалдарды негізсіз толтырғаны үшін 3 полиция қызметкері жазаланды.
Қадағалау актісі бойынша уәкілетті органның 1 кәсіпкердің қызметін заңсыз тексеруі жойылды.
Салық өндіру бұйрықтарының күші жойылғанына қарамастан атқарушылық іс жүргізу шеңберінде құжатты мәжбүрлеп орындау бойынша 20 кәсіпкерге қатысты қойылған шектеу-тыйым салу сипатындағы шаралар жойылды (банк шоттарына және нотариаттық іс-әрекеттер жасауға тыйым салу қойылған).
Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2 кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі салық органының қаулыларына енгізілген 2 наразылық қанағаттандырылды.
Бизнес қоғамдастық өкілдерімен 3 кездесу өткізілді («Каскад» СҮ, «Глобал сити» СҮ, «Таир» СҮ).
Мемлекет бюджетіне 93 млн. теңгеден астам қаражат өтелді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 680 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл өндірілді.
Еңбек заңнамасын сақтау саласында жыл басынан бері ЖАО және уәкілетті органдармен бірлесіп ауданның ірі кәсіпорындарымен 10 кездесу өткізіліп, онда проблемалық мәселелер мен еңбек қауіпсіздігі талқыланды. Жергілікті жерлерде айтылған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 6 мемлекеттік сатып алудың күшін жою және заңға сәйкес келтіру жолымен бюджет қаражатын заңсыз жұмсаудың алдын алдық.
Сот орындаушыларымен бірлесіп атқарылған жұмыс нәтижесінде алименттік берешек азайтылды, қадағалау актілері бойынша 10 млн.теңгеден астам берешек өндіріп алынды, алимент төлеуден жалтарғаны үшін 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды және сотталды. Қадағалау актілері бойынша мемлекет кірісіне 12 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.

Аудан прокурорының
орынбасары
әділет кеңесшісі
Аманжолов Е. С.